Главная

Жаңалықтар

2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
мамыр маусым шілде тамыз 

«БТА Банкі» АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы

13.08.2019 12:56:30

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА) 2019 жылғы 31 шілдеде «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен (2019 жылғы 31 шілдедегі №54 шешім) келесі шешім қабылданғандығын хабарлайды: 

1. «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Жаннур Кадиркуловна Базарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын 2019 жылғы 31 шілдеден бастап өзінің бастамасы бойынша тоқтатылсын.

2. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымының Бірінші орынбасары Руслан Маркович Галинскийдің өкілеттігі  мерзімінен бұрын 2019 жылғы 31 шілдеден бастап тоқтатылсын.

3. Сандро Маркович Галинский «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрайымының Бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі қызметіне 2019 жылғы 01 тамыздан бастап «БТА Банкі» АҚ Басқарманың жалпы өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін тағайындалсын.