Главная

Жаңалықтар

2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз мамыр маусым тамыз қазан 

БТА пайдасына АҚШ-тың Нью-Йорк қ. Округтік Сотының шешіміне қатысты

28.08.2018 06:20:14

«БТА Банкі» АҚ АҚШ-тың Нью-Йорк қ. Округтік Сотымен М.Әбілязовтың құжаттарды мәжбүрлі түрде ұсыну және антпен түсініктеме беру қажеттігі туралы сот шешімінің шығарылғандығын хабарлайды:

 

2018 жылғы 01 тамызда «Boies, Schiller & Flexner LLP» фирмасы («BSF») М.Әбілязовты құжаттарды ұсыну және антпен түсініктеме беру үшін нақты күнді белгілеуін міндеттейтін қаулыны шығару туралы өтінішхат берді.

               

Одан бұрын, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Сот М.Әбілязовтың Францияда құжаттарды ұсыну және түсініктеме беру үшін қолжетімді болуы туралы қаулы шығарған. Бірақ бүгінгі күнге дейін М.Әбілязов құжаттарды ұсыну және түсініктеме беру үшін нақты күнді белгілемеді.

 

2018 жылғы 10 тамызда, Алматы қ. Әкімдігі мен «БТА Банкі» АҚ  М.Әбілязовқа, В.Храпуновқа, И.Храпуновқа және Triadou SPV S.A. компаниясына қатысты берген талап-арызы бойынша АҚШ-тың Нью-Йорк қ. Округтік Сотының Судьясы Кэтрин Паркер М.Әбілязовтың 2018 жылғы 14 қыркүйектен кешіктірмей Францияда түсініктеме беру үшін өзінің қатысуын қамтамасыз ету, ал келмеген жағдайда, оның Ұлыбританияда немесе Нью-Йорк қаласында ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінен бастап бір апта ішінде түсініктеме беру қажеттігі туралы шешім шығарды.

 

2018 жылғы 13 тамызда судья Кэтрин Паркер М.Әбілязовтың түсініктеме беруге міндетті екендігіне кепілдік беретін қаулыны жариялады.

 

Бұл шешім М.Әбілязовқа қатысты сот даулары аясында БТА-ның жүргізген жұмыстарының аралық нәтижелерінің бірі болып табылады.  Жалпы, бүгінгі күні БТА-ның барлық күші сот шектеулерін анықтау және тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мақсатында Лондондағы және басқа да юрисдикциялардағы заңи кеңесшілердің жұмысына жұмылдырылған. БТА  барлық сот дауларына қатысты оң шешімдердің қабылданатындығына сенеді.

 

БАҚ арналған байланыстар:

BTA Bank

Tel: +7(727) 250 40 44

Email: pr@bta.kz   

Website: www.bta.kz